Kyzylorda-news.kz Медицинаның ең күрделі саласының бірі – травматология екені даусыз. Әркез адамның денсаулығын қатты зақымдайтын дене жарақаты, сынық секілді бірнеше дертке ем-шара жүргізетін дәрігер үнемі біліктілігін арттырып отырады. 2004 жылдан бері Сырдария аудандық ауруханасының травматолог-дәрігері қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Аман Аманкелдіұлының есімі көпшілікке таныс.
Білікті дәрігер әрқашан жүйелі жұмысымен даралана білген. Тынымсыз еңбектің арқасында орасан зор жетістіктерге қол жеткізген. Ол – Қарағанды қаласындағы медициналық акадамияда білім алған. Сәкен Сейфуллин ауылының тумасы науқастарды емдеп-жазуға күш-жігерін салып келеді. Әрине, кәсіби тұрғыдан науқастарды емдеп жазуға күш-жігерін жұмсауда.
– Күн сайын жанына шипа іздеген жандарға қолғабыс ету – басты парызымыз. Әрине, травматология саласы нағыз асқан ыждағаттылықты қажет етеді. Аудан тұрғындарына кәсіби тұрғыдан ем-шара тағайындап, сырқатынан айықтыруға үле қоса береміз, – деді тәжірибелі дәрігер.
20 жылдық жұмыс өтілінде Аман Самалықов бірнеше марапат иесі атанған. Алдағы уақытта ел-халықтың сенім үдесінен шығып, аянбай еңбек ете бермек.