Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы жүкіт әйелдерге серіктес таңдауда кеңес берді. Орталықтың ақпаратына сүйінсек нақты шешім қабылдау үшін өзіңізге және күйеуіңізге бірнеше сұрақтар қойып, оларды талқылап, бір шешімге келуіңіз керек.

 Сіздің күйеуіңіз бұған дайын ба? Оның шын ниеті ме, әлде ол Сізді ренжіткісі келмегендіктен бармақшы ма? Ер адамдардың көпшілігі босану кезінде қатысуға дайын емес және оған түсіністікпен қарау керек.

Сіз күйеуіңіздің босануға қатысуына дайынсыз ба? Серіктестік босануда маңызды нәрсе-жақын адамның қолдауын сезіну. Күйеуіңіздің босану процесіне қатысуы өзіңізге сенімді болуға, тыныштандыруға, жігерлендіруге көмектеседі. Ең бастысы, Сіз күйеуіңізден ұялмайсыз және оның қасыңызда болғанын қалайсыз. Егер Сіз ұялсаңыз, сенімді болмасаңыз, онда оның қасыңызда болуы Сіздің жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін, Сіз «Мен қалай көрінемін», «Түрім қандай боп тұр» деген оймен босануға күш-жігеріңізді сала алмайсыз.

Күйеуіңіз бұл процестегі өз рөлін жіті түсінеді ме және ол шынымен қалай көмектесе алатынын біледі ме? Ол бұл көмекті көрсете ала ма?

Ол қаннан қорықпай ма? Сүйікті әйелінің жағдайын жеткілікті түрде қабылдай ала ма?

 Күйеуіңіздің эмоционалдылығы мен ашуланшақтығы босану процесіне кедергі болмай ма? Ол үшін бұл стресстік жағдайда агрессиялы болмай ма?

Серіктестік босану – бұл керемет! Дайындыққа барынша жауаптылықпен қарау керек.

 

Фото: roddom.msk.ru

Тағы да оқыңыз: