Kyzylorda-news.kz. Берлиндегі Charite клиникасының вирусологы Кристиан Дростен коронавирустың жаңа түріне иммунитеттің пайда болу ерекшеліктерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі болғандай, бұрын коронавирустың қандай да түрімен ауырған адамдарда COVID-19-ға қарсы иммунитеті болуы мүмкін. Оның айтуынша, Т-жасушалары жаңа коронавирусқа реактивтілігі үшін сынақтан өтті. Сондай-ақ ауруға шалдықпаған науқастар тексерілді. 

“Пациенттердің 34 пайызында реактивті Т жасушалары бар екендігі анықталды, бірақ олар SARS-CoV-2 жұқтырғандармен ешқашан байланысқа түспеген”, – деді Дростен.

Вирусологтың айтуынша,  клиника зертханасындағы зерттеулер суық тиюге әкелетін бірқатар коронавирустардың COVID-19-бен “ұқсас жерлері” бар екенін көрсетті.  Сонымен қатар, олар “белгілі бір дәрежеде” жалпы суық тиюге әкелетін коронавирустарға да, SARS-CoV-2-ге де қарсы тұратын T жасушаларын ынталандырады.

Дростен, сондай-ақ, аурудың жиі көрінбейтін жағдайлары бар екеніне назар аударды, бұл халықтың кейбір бөлігінде коронавирустың басқа түрлерімен ауруы нәтижесінде туындаған иммунитеттің болуымен түсіндіріледі.

Тағы да оқыңыз: