Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 597, ал симптомсыз – 360 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 550 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 10 жағдай скринингтен анықталған. Оның 4 – Сырдария, 6 – Жанакорган ауданынан. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 46 дерегі тіркелді. Кызылорда каласынан – 6, Казалы -13, Жалагаш – 8, Сырдария -12, Жанакорганнан – 7 адамдардан тиркелген. Оның 37-сi скринингтен,7 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 2 науқас қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған – 6813 азамат анықталды. Оның ішінде, 4358 – тікелей қарым-қатынаста, 2455- жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.