Kyzylorda-news.kz. Елімізде кейінгі тәулікте 263 адамнан коронавирус анықталды. Бір адам қайтыс болған, деп хабарлайды Massaget.kz.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Нақтырақ айтсақ, 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Еске салайық, ресми статистика бойынша, коронавирус пандемиясынан бері COVID-19-дан елімізде 13 693 адам қайтыс болған.
Фото: rbc.ru
