Kyzylorda-news.kz  Сырдария аудандық ауруханасына қарасты «Хирургия» бөлімшесінде науқастарға отадан кейін немесе сан түрлі дертіне байланысты ем-шара жүргізу – қатаң бақылауда болады. Соңғы 20 жылда аталған бөлімшеде қызмет етіп келе жатқан Гүлмира Тоқсейітова бар мақтауға лайық. Қазіргі уақытта аға аяжан ретінде әр іске ыждағаттылық танытатын жанды көпшілік өз ісінің білгірі санайды.

Талай жыл хирургия саласының майталман дәрігерлерінің сенім үдесінен шыққан Гүлмира Сәндібекқызы ешқашан салғырттықа жол бермейді. Үлкеннен тәлім алып, емделушінің бабын тауып, өзі ұстанған бағыттан таймайды. Қызылорда медициналық училищесінде 1988-1991 жылдар аралығында білімін жетілдірген маман «Терапия», «Жедел жәрдем», «Транфузиология» кабинетінде өлшеусіз қызмет етеді.

– Біздің бөлімшеде кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың шоғыры қалыптасқан. Қай кезде де, емделушінің алғаусыз алғысын естігінде ерекше марқайып қаламыз. 30 жылдан аса уақытта медицина саласында жергілікті халықтың ризашылығына бөленіп келеміз. Бөлімшеде ауыр жарақат алған, дене мүшесі зақымдалған жандар жатқызылады. Сондықтан біз ұқыптылықты, тиянақтылықты – басты қағидамыз ретінде санаймыз. Күні-түні науқастың жағдайына бақылау жасаймыз. Отбасымда жолдасым мен балаларым үнемі қолдау көрсетіп отырады, – дейді Гүлмира Сәндібекқызы.

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: