Kyzylorda-news.kz Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2024 жылдың 1 сәуірге дейін Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 72,5 млрд. теңге аударды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді. 

Аударылған қаржының 43,6 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 28,9 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 
 

Тағы да оқыңыз: