Kyzylorda-news.kz.  Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 мамырына дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 51,5 млрд. теңге аударды, оның 31,9 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 19,6 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 

Мәртебенізді ресми қызметтер арқылы тексеріп отыруыңыз керек – ӘМСҚ-дың fms.kz сайтында, «Qoldau - 24/7» мобильді қосымшасында, Telegram-да SaqtandyryBot-та, «Электрондық үкімет» порталында - https://egov.kz/ / (мемлекеттік қызмет -«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру»).

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Тағы да оқыңыз: