Kyzylorda-news.kz.  Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 наурызға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 47,8 млрд. теңге аударды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.

Аударылған қаржының 29,8 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 18 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 

Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз оларды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандарына байланыс арналары арқылы сұрай аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады. 
 

Тағы да оқыңыз: