Kyzylorda-news.kz. Елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің жеке құрамы қан тапсырды.
Олар қан құюды қажет ететін шұғыл медициналық көмекке мұқтаж ауыр науқастарды емдеу үшін ерікті түрде донор болуға келіскен. Аталған шара тиісті сақтық ережелерін сақтай отырып Қызылорда облыстық қан орталығында өткен.
Қан орталығының ұжымы Департамент қызметкерлерін еріктілер қатарында көруге әрқашан қуанышты екендігін жеткізіп, зор алғыстарын білдірді.
«ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері бүгін қан тапсырып, нағыз батырлық танытты. Себебі, бұл жерде адам өмірі қашан да маңызды екендігі алға шығып отыр. Әрбір тамшы қан біреуді құтқарып қалуы мүмкін. Төтенше жағдай кезіндегі қауырт қызметтеріне қарамастан науқастарға осындай мүмкіндік сыйлаған қауіпсізідк қызметкерлеріне алғысымыз шексіз», – дейді қан орталығының қызметкерлері.
