Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылында N179 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Темекі, есірткі сынды зиянды әдеттердің, жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік) ішу, есірткі және уытты заттарды тұтыну жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті, аз ғана уақыт пайдаланғанда ағзамызда психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Мұндай аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. 

Зиянды әдеттермен күресу – осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады. Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. Бүгінгі күні осы зиянды әдет медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік проблемаға да айналды.

Ғасыр дерті болып, қазіргі таңда ең зиянды әдеттің бірі – ішімдік ішу. Ішімдік – бұл орталық жүйке жүйесіне әсер ететін есірткілік. Ішімді жүрек –қантамырлар, жүйке жүйесі, ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулардың және жарақаттанудың, иммундық жетіспеушіліктің, сүйек ұлпалары өзгеруінің және тағы басқа да аурулардың пайда болу себебі болып табылады. Алкогольді өнімді тұтынатын адамдардың балаларында туа біткен кемістіктермен кемтарлық, дене және ақыл-ой дамуы байқалады. Ішімдік барлық өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелерге зиянды әсерін тигізеді. Ішімдікті ұзақ пайдаланғанда бауыр ұлпаларының өзгеруі, асқазанның қабынуы, асқазан жарасына айналатын гастрит және басқа да аурулар пайда болады.

Зиянды әдеттерге әуестік кезеңі мектеп қабырғасынан басталады. Айналадағы достары, қоршаған ортасы салауатты өмір салтын ұстанбайтын болса, жаман әдетке бой алдыру оңай. Семинар-тренингтің мақсаты өрендерге мұның салдарын жіті түсіндіру.

Тағы да оқыңыз: