Kyzylorda-news.kz Қызылорда көп бейінді облыстық ауруханасында ашық жүрекке сирек кездесетін ота жасалды. Дәрігерлер миксома деп аталатын қатерсіз ісікті алып тастады.

Пациент Зәуре Асанованың іш қуысындағы негізгі артериялардың бірі бітеліп қалып, хирургтар қан ұйығыштарын алып тастауға мәжбүр болды.   Қосымша тексеруден соң пациентте көлемі 6х5 сантиметр болатын сол жақ жүрекше миксомасы анықталды. Сондықтан жасанды қан айналымын қолдану арқылы ашық жүрекке жоғары технологиялы ота жасалды. Дәрігерлер ісікті солайымен алып тастады.

Ота сәтті өтті. 49 жастағы пациент қазір медициналық оңалту сатысында.  

- Тынысым тарылып, басым айнала беретін, аяқтарым ұйып қалатын. МӘМС аясында тегін ота жасалып, жағдайым жақсарды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын, – деді Зәуре Асанова.

Аурухананың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Берік Дәуітбаевтың айтуынша, миксома – сирек кездесетін патология, мұндай ота облыста жылына 1-2 рет қана жасалады.

– Құны - 3,5 миллион теңге. Барлық шығын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі. Жыл басынан бері ашық жүрекке шамамен 70 ота жасадық. Оның көбі — аортокоронарлық шунттау мен жүрек қақпақшаларын ауыстыру, – деді Берік Дәуітбаев.

осмс операция

Тағы да оқыңыз: