Kyzylorda-news.kz. Қызылордада зорлық-зомбылыққа қарсылық білдіру акциясы жалғасуда.

25 қараша - Дүниежүзілік әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жоюға арналған күрес күні» болып белгіленген. Биылғы жылдың 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына орай көпбейінді облыстық ауруханасының қызметкерлері арасында іс-шара өткізілді. 

Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Өткізілген іс-шараға Қызылорда қаласы полиция басқармасының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Алмара Түйешиева және Ерболат Айгерім қатысып, аймақта құқық қорғау органдарымен әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті. 

Кездесуге  қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлерінің халықаралық жіктемесімен, оның алдын алу себептері мен шараларымен, өзекті мәселелермен және осы бағыттағы заңнаманы реформалау жөніндегі қоғамда қалыптасқан ұсынымдарды талқылады. 

Аурухана қызметкерлері арасында түсіндірме  жұмыстары жүргізіліп, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ақпараттық танымдық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

316831734_1202034063731358_9152146419289637722_n.jpg

Тағы да оқыңыз: