Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келді. Оның ішінде 149 жұп - егіздер. Көбінесе егіздер облыс орталығында дүниеге келген.
Айта кетейік, биылғы жылы туылған егіздердің жалпы санының 60% Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіздерді босанды. Арал ауданы 16 жұп егізден дүние есігін ашты. Үштікті Жаңақорған ауданы 11 жұп егіздермен қортындылайды.
Сонымен қатар, Қазалы ауданында 9 жұп, Шиелі ауданында 8, Байқоңыр қаласында 5, Қармақшы, Сырдария аудандарында 4, Жалағаш ауданында 2 жұп егіздердің дүниеге келді.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша үшемнің тууы тіркелген жоқ.