Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын бүкіл әлемде «1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес» күніне орай халықты қауіпті кеселден сақтануға шақыратын түрлі акциялар мен семинарлар, ауқымды жобалар мен шаралар өткізіледі. 

Республиканың тұтас халқының, әсіресе жастар арасында СПИД және ВИЧ инфекцияларын жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша барлық мүдделі тараптар өздеріне жүктелген жүйелі жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы мақсатта, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Г.Нетбаева «ORDA» жоғары колледжінің студенттеріне «АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ болдырмаудың алдын алу» тақырыбындағы қауіпті дертпен күрес жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл кесел, әсіресе, жастар арасында кеңінен таралғандықтан, әр өңірде жауапты мамандар жастарға, жеткіншектерге, студеттерге арнайы семинарлар мен түрлі акциялар ұйымдастырып, психологиялық-моральдық көмек көрсетсе, дерттің таралуына тоқтау болары сөзсіз. Мамандар бүгінгі шарада жастарға кеселден келетін қауіпті түсіндіріп қана қоймай, түрлі сұрақтар қою арқылы, жеткіншектермен еркін форматта ой-пікір алмасты. 

Сонымен қатар Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледж студенттеріне Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Тендік уақыты» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Студенттер арасында салааралық мекемелердің қатысуымен АИТВ/ЖИТС-инфекциясы туралы жалпы ұғым, оның шығу тарихы, жұқтыру көзі, жұқпа жолдары, клиникасы, диагностикасы, антиретровирустық терапиясының қажеттілігі жайлы жан-жақты видеоролик, презентация көрсетіліп сақтану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, және АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы және облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы осы індетпен өмір сурушілер жайлары айтылды. АИТВ-инфекциясын анықтаудағы, антиретровирустық терапия тағайындаудағы соңғы жаңалықтар, тұрғындардың 90 пайызы өз статусын білуге тиістілігі, сілекейлік жедел тест қою әдісі қазіргі уақыт талабы туралы айтылды. Кездесу қызу сұрақ-жауап ретінде берілген сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауаптармен белсенді түрде талқыланып жүргізілді.

316682279_1395558231218832_8857416487036347568_n.jpg

Тағы да оқыңыз: