Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында үшем дүниеге келді.

Қызылордалық 30 жастағы тұрғын Алтынай Байназарова перинаталдық орталықта үшемді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 34-аптасында өмiрге келген нәрестелердің салмағы - 1 390, 2 090, 2 180 грамм. Олардың үшеуі де қыз бала. Ата-әжелері үшемге Әмина, Медина, Ясина деп ат қойды. Нәрестелер 1 ай бойы перинаталдық орталықтың нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдады. Қазіргі кезде анасымен бірге үйіне шығарылды.

«Дәрігерлерге зор алғысымды білдіремін. Орталықта ана мен бала үшін қолайлы жағдай жасалған. Перзентхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етiлген» деді Алтынай Байназарова. 

Тағы да оқыңыз: