Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен жалпы жастардың, соның ішінде мектеп оқушыларының денсаулығының алдын алу мақсатында «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» атты дәрігер сағаты болып өтті. 

Қазіргі уақытта жастар арасында да көптеген аурулардың белең алуы көпшілікті алаңдатуда. Жастар еліміздің болашағы десек олардың жаман әдеттен аулақ болуын бүгіннен қамтамасыз ету керек-ақ. Сондықтан да дәрігер мамандармен осындай бас қосу өткізіп, сұхбаттасу, мәліметтер алу оқушыларға аса маңызды. 

Денсаулық сағатына қаладағы № 3 емхананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» маманы Жандарбекова Ағжан Исатайқызы қатысып жастардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Денсаулықты осы кезден сақтауүшін салауатты өмір салтын ұстану керектігін атап өтті.

Шара барысында оқушыларға арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіліп кітапхана қорындағы денсаулықты сақтау туралы кітаптар таныстырылды.

Денсаулық шарасына қатысқан оқушылар салауатты өмір салтын ұстану жолдары туралы ақпарат алып, зиянды әрекеттердің, астың адам ағзасына әсері туралы танымдарын кеңейтті.

сурет massaget.kz

Тағы да оқыңыз: