Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда тұтынушылар үшін дүкен сөрелерінде таңдау межесі өте кең. Дегенмен оның барлығы бірдей қауіпсіз әрі сапалы бола бермейтіні анық.Қаптаманың арғы жағында не жатқанын білу – саналы таңдау жасауүлкен жауапкершілікті талап етеді. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен өнімдер қауіпсіздігін бақылау мақсатында мониторингілеу тұрақты түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері облыстағы сауда орындарынан барлығы 161 сынама сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Бақылауға алынған өнімдердің  72,1% – тағам өнімдерін  және 27,9% – тамақ емес өнімдерін құрады. Оның ішінде  отандық өнімдер үлесі – 20,5%,  Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер – 50,9% және өзге елдерде өндірілгендер үлесі – 28,6%. Бұл туралы Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ерлан Ұзақбаев мәлімдеді.

– ҚР ДСМ ҚДСК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 39 үлгісі, яғни 24,2 пайызы техникалық регламенттердің таңбалануы бойынша талаптарына сай келмей шықты. Яғни өнім қаптамасында мемлекеттік тілде ақпараттар ұсынылмаған. Дұрыс әрі толық таңбаламаның болмауы қауіпсіз сатып алуға елеулі кедергі келтіретіні анық.Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша сауда объектісіне  өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылар берілді. Сонымен қатар, таңбалануы сәйкес келмейтін алкогольсіз сусындарға қатысты түскен арыздар бойынша тексерулер нәтижесімен сауда нысандарының иелеріне жалпы соммасы 673790 теңге айыппұл салынды, – деді Ерлан Ұзақбаев.

 

Фото:freepik.com

Тағы да оқыңыз: