Kyzylorda-news.kz Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен биыл соңғы үш айда 1 169 816 қызмет көрсетілсе, оның 482 307 қызметі электронды түрде көрсетілген. Бұл жалпы қызметтің 41 процентін құрайды.
Оның ішінде «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жалпы 674 618 қызмет көрсетілсе, оның 312 381 қызметі электронды түрде көрсетілген. Ал «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жалпы – 52 206 электронды қызмет көрсетілген.
Жалпы облыстық денсаулық сақтау басқармапсы тарапынан көрсетілетін қызметтер бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Мәселен, «Медициналық ұйымға бекіту» бағытында – 21 899 қызмет, электронды түрде - 18 001, «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» - 8 829, «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» - 19 615, «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» -31 669, «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беру» - 37 685, «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» - 44 566, «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» - 684, «Жедел медициналық көмекті шақырту» - 119 741, «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру» - 17 803, «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды,бейімделген емдік өнімдерді,медициналық бұйымдарды беру» - 139 128, «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» - 640, «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» - 0, «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» -0, «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» - 0, «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарастыру»-0, «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» – 136, «Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу» бағытында – 597 азамат қызмет алған.
Фото: ktk.kz
А.Әлім