Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысының прокуратурасы 7 мыңнан астам тұрғын өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті алмағанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тегін медициналық көмек аясында облыстың тұрғындар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген.

Сондай-ақ емханаларда балалардың жасы ескерілмей, кәмелетке толмағандарға мыңнан астам дәрі-дәрмек негізсіз жазылған.

"Дәрігердің нұсқауынсыз 170 адам инсулиндік дәрі-дәрмек алған. 68 дәрі-дәрмекті сақтау талаптары бұзылып, нәтижесінде екі науқасқа жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек тағайындалған. Сондай-ақ облыстағы 14 медициналық ұйымда 19 қызметкер заңсыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырған", – делінген хабарламада.

Осы бойынша уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 93 тұлға жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.

Фото: Pixabay.com

Тағы да оқыңыз: