Kyzylorda-news.kz Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен өңірде өткен жылы 15 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық бекет пайдалануға беріліп, биыл 11 нысанның құрылысы жүруде.

Соңғы 2 жылда 4,1 млрд.теңгеге 13 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде.

«Денсаулық сақтау мекемелерінің автопарктері жыл сайын жаңартылуда. Өткен жылы 25, биыл 200 санитарлық автокөлік табысталды. Осы кезге дейін жеке ғимараты болмаған облыстық Қан орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсек-орынға арналған орталық құрылысы басталады», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, Сыр медицинасының әлеуетін арттыру мақсатында 2018 жылдан бүгінге дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 155 резидентке, 162 жалпытәжірибелік дәрігерді даяулау мақсатында облыс әкімінің арнайы гранты бөлінген болатын. Осының нәтижесінде, 2023 жылы 590 дәрігер, 738 орта буынды медицина қызметкері біліктіліктерін арттырып, тәжірибе жинады. Ал биыл облыстаға 10 реаниматолог, 5 кардиолог маман Түркия елінде өз білімдерін жетілдірді.

Тағы да оқыңыз: