Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №78-ж Бұйрығына сәйкес, еңбек шарты бойынша Калмакова Жанар Амангелдіқызы «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды.
Жанар Калмакова 1971 жылы 4 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
1989 жылы Қызылорда қаласының медициналық училищесін бiтiрген.
Одан соң 1995-2001 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының реанимация бөлімінде мейіргер болып бастаған.
2001-2014 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жалпы медицина және гигиена кафедрасының оқытушысы;
2014-2015 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісi;
2015-2021 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Жастар денсаулығы облыстық орталығы» МК директоры;
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған.