Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының мультипәндік командасы Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының перинаталдық орталығында іссапарда болды. Бұл сапар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейлі медициналық мекемелер арасындағы тәжірибе алмасуға және әдістемелік қолдау көрсетуге арналды.
Іссапар құрамында келесі жетекші мамандар болды:
- Бас дәрігер, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы – О. В. Ким
- Реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог – А. А. Ауезбеков
- I акушерлік бөлім меңгерушісі, акушер-гинеколог – Л. Ш. Бимаганбетова
- Неонатология блогының меңгерушісі, неонатолог – Л. А. Дауренбаева
- Инфекциялық бақылау бөлімінің меңгерушісі, эпидемиолог – Г. Н. Махашова
- Облыстық перинаталдық орталығының бас мейіргері – Қ. Ж. Бегимова
Сапар аясында қызылордалық делегация перинаталдық орталықтың құрылымдық бөлімдерін аралап, қызмет көрсету барысымен, медициналық құрал-жабдықтармен және емдік-диагностикалық үдерістермен танысты. Жергілікті мамандармен тиімді тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыс кезінде қолданылатын озық әдістер талқыланды.
Сондай-ақ, кәсіби пікір алмасуға негізделген ашық диалог ұйымдастырылып, күрделі жағдайларды жүргізу, шұғыл көмек көрсету, инфекциялық қауіпсіздік пен неонаталдық көмек сапасын арттыру жолдары нақты мысалдармен сараланды.
Бұл сапар екі өңірдің мамандары арасында тығыз кәсіби байланыс орнатып, ана мен бала саулығын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ бастамалардың дамуына серпін берді.