Kyzylorda-news.kz «Aray city mall», «Ажар», «Жібек жолы» сауда орталықтарында «Денсаулық аралы» акциясы өтті. Ұйымдастырушы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы.
Шара барысында №1 және №3 қалалық емхана мамандары қауіп факторлары мен ауруларды бастапқы кезеңде анықтау мақсатында тұрғындарға консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті. Дәрігерлер қан қысымын, бойын, салмағын, қандағы қант пен холестерин деңгейін өлшеп, кеңес берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының мамандары сұрақтарға жауап беріп, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болатынын, медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындарға МӘМС жүйесі туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Профилактикалық тексерулерді қаржыландыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны, сондықтан скринингтерден өту үшін МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесінің болуы қажет екендігі атап өтілді.