Kyzylorda-news.kz  Дәрігер мамандығы қоғамдағы маңызы жоғары мамандықтардың бірі саналады. Алдына ем іздеп келген әр науқастың дертіне дауа болып, ауруынан айығуына сеп болатын дәрігерлерге құрмет қашанда жоғары. Медицина саласының білікті маманы, өз ісінің үздігі болған сонджай жанның бірі – №5 қалалық емханасының травмотолог-ортопед дәрігері Өтегенов Мирамбек Дастанұлы.

Білікті дәрігер Мирамбек Дастанұлы 1967 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жастайынан дәрігер болуыды мақсат еткен кейіпкеріміз мектеп бітірген соң 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білімін жетілдіреді. Мұнан кейін 1994-1996 жылдар аралығында «травмотолог және ортопед» мамандығы бойыншы «Ординатура» дәрежесін бітірген.

Ол алғашқы еңбек жолын 2000-2007 жылдары өзі білім алған Қарағанды қаласындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында бастайды. Өзіне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарып, ел алғысына бөленген дәрігер кейін туған жерде еңбек етуді көздейді. Осылайша, 2007-2011 жылдары Қызылорда қаласындағы ТОО «Intertich» жеке клиникалық емханада дәрігер қызметін атқарады. Білікті дәрігер бұжан кейінгі еңбек жолын 2011-2012 жылдары ТОО «Групп Азия Сервис» мекемесінде дәрігер, 2012 жылдан бастап №5 қалалық емханасына травмотолог-ортопед дәрігері болып жалғастырады.

Бүгінде білікті әрі тәжірибелі ақ халатты абзал жан емханада травмотолог -ортопед болып жұмыс жасайды.

Ұзақ жылдар бойы медицина саласында абыройлы қызмет етіп келе жатқан дәрігердің бойынан жұмысына деген адалдық пен жауапкершіліктен бөлек, мейірімділік, ізгілік, жігерлілік, жанашырлық сынды асыл қасиеттерді көруге болады. Жас мамандарға білгенін үйретуден жалықпай, көпжылдық тәжірибесімен үнемі бөлісіп отыратын дәрігер отбасында аяулы жарымен бірге төрт ұл,бір қыз, 3 немере тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Кейіпкеріміз қызмет жолындағы осындай қасиеттері мен еңбегі еленіп ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі атанған.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: