Kyzylorda-news.kz   Бішкек дүкендерінде Ауғанстанда өндірілген газдалған анар шырынын анықтап, айналымнан шығару мақсатында жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығының мәліметінше, 58 сауда нүктесі мен сауда-базар кешендері тексерілді. Кәсіпорын басшыларына аталған өнімдерді сатылымнан алып, жеткізушілер мен сатушыларға қайтаруды талап ететін 65 санитарлық нұсқама берілді. Дүкен сөрелерінен 7 мың 356 банка сусын алынып тасталды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығымен бұл сусынды барлық жерде сатылымнан алып тастауды ұсынған еді.

Еске салайық, Ауғанстанда жасалған сусынның құрамындағы Е122 азорубин бояғышы балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсер ететіні белгілі болды. Сауда желілерінің басшыларына бұл өнімді сатуға тыйым салынды.

Сондай-ақ құрамында зиян қоспасы бар шырын Қазақстанда сатылымнан алынбаған еді.

Фото: Ozon.kz

Тағы да оқыңыз: