Kyzylorda-news.kz. Мамыр айының 16 жұлдызында білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өз кәсіби біліктілігін көрсете алатын арнайы дефектолог мамандарды анықтау және қолдау мақсатында «Үздік дефектолог – 2023» байқауының аудандық кезеңі өтті. 

Жалпы дефектология (латынша defectus-кемшілік,  греше λόγος –ілім, ғылым) - дамуында психикалық, дене кемшіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым. Дефектологияға арнаулы педагогиканың бірнеше бөлімдері (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика и логопедия) және арнаулы психология (сурдопсихология, тифлопсихология, олигофренопсихолгия и логопсихология) кіреді.

Сонымен бірге дефектология психикалық дамуы тежелген балалардың тәрбиесі мен оқуы, эмоциональды-еріктік кемшіліктері, тірек-қозғалыс аппараттары, күрделі құрылымдық кемшіліктері, психофизикалық даму проблемаларын зерттеумен де айналысады.

Дефектологияның ғылым ретіндегі әлеуметтік ортадағы рөлі өте зор. Ал дефектолог-дефектология саласының маманы. Кең мағынада алғанда дамуында ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, оқыту, үйрету маманы. Тар мағынада-түзетуші педагог. Дефектолог мамандығы педагогика және медицинамен бірлікте қызмет атқарады. Оның жұмысының мақсаты – аталған балаларды мүмкіндігінше дамыту, әлеуметтік, оқу, тұрмыс, кәсіби және басқа салаларға бейімдеу. Қоғам дамуының әр кезеңінде дамуында кемшілігі бар балалардың боғандығын деректер дәлелдейді. Әр түрлі тұқымқуалаушылық, экологиялық, физикалық, материалдық, әлеуметтік жағдайларға байланысты дамуында кемшілігі бар балалар барлық заманда да өмірге келген. Олар да адамазаттың бір мүшесі. Олардың арасынан небір ойшыл, ғылымға өзіндік үлесін қосқан адамдардың болғаны да белгілі.

Осындай мамандық иелері байқау ережесіне сәйкес өзін-өзі таныстыруы «Визит карточкасы», «Әдістемелік сандықша» іс-тәжірибесімен бөлісуі, «Шеберлік сыныбы» әдіс-тәсілдерің жаңашылдығымен бөлісіп, дефектолог портфолиосы сырттай бөлімде қаралды. 

Байқау қорытындысы бойынша №165 орта мектеп дефектологы Қалмырза Айым І орынмен, №226 мектеп-гимназия дефектологы Садирбаева Лаура ІІ орынмен, №90 орта мектеп дефектологы Сулеймен Азамат ІІІ орынмен, №170 орта мектеп дефектологы Жолдас Шекер «Ізденімпаз», №266 мектеп-лицейдің дефектологы Молдадосова Айдана «Шығармашыл», №225 орта мектеп дефектологы Суханова Мира «Үздік визит карточкасы» номинацияларымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: