Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданына қарасты Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның іргетасы қаланған болатын. Қазіргі күні үш бірдей нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Сәтін салса жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Абай ауылындағы ғимараттың жұмысымен танысып, жауапты қызметкерлерге тез арада жұмысты аяқтауды ескертті.
Қазіргі таңда аталған нысанның жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Нақтыласақ, қабырғаларын сырлау, бояу, жарық секілді ішкі жұмыстары қалып отыр. Бұдан соң қажетті құрал-жабдықтары орналастырылатын болады.
Аудан басшысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа тапсырма жүктеп, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы тәмамдалғанша барлығын қатаң назарда ұстап отыруды тапсырды.