Kyzylorda-news.kz Жүрек-қантамыр аурулары Қазақстандағы өлім-жітім себептерінің көшін бастап тұр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде осы аурулардың алдын алу мен емдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Қымбат оталарды Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының мамандары сәтті жүргізуде.

Әйтеке би кентінің тұрғыны Байқазақ Омаров инфарктпен аудандық ауруханаға түсті. Мұнда тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, ангиограф, қажетті медициналық жабдықтар бар. 59 жастағы науқасқа коронарография жасалып, содан кейін стент орнатылды. Қазір денсаулық жағдайы тұрақтанды.

«2011 жылдан бастап жүрек ауруы, сондай-ақ миелолейкоз бойынша диспансерлік есепте тұрамын. Мүгедектік болғандықтан, МӘМС жүйесінде мәртебем «сақтандырылған». Бізге қымбат медициналық қызметтер қол жетімді. Дәрігерлерге мың алғыс!»,- деді Байқазақ Омаров.

Аудандық аурухананың рентген-эндоваскулярлық бөлімшесінің мамандары ай сайын 50-60 ота жасайды. Дәрігерлер жамбастың варикозды кеңеюіне, аденома және жатыр миомасына оталарды енгізуді жоспарлап отыр. Ауылдық дәрігерлер атап өткендей, МӘМС жүйесі аясында одан әрі қаржыландырумен медицина мүмкіндіктері де артады.

«МӘМС жүйесі неге қажет? Коронарографияға шамамен 500 мың теңге жұмсалады, стенттеу құны 2 млн. теңгеден асады. Бұл қымбат оталар ауыл тұрғындарына да қол жетімді болды. Бұдан басқа, біз пациенттерді Астана, облыс орталығының ауруханаларға жібереміз. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттер жоспарлы медициналық көмек алады»,-дейді рентген-эндоваскулярлық бөлімшенің меңгерушісі Кенесары Баспаев.

Жыл басынан бері бөлімше мамандары 400-ге жуық ота жасады. Бұл мақсаттарға Әдеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 171,8 млн.теңге бөлінді.

photo_2024-04-29_09-57-49.jpg
WhatsApp Image 2024-04-16 at 16.48.26.jpeg

Тағы да оқыңыз: