Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары аудандарда МӘМС мәселелері бойынша консультациялар өткізуді жалғастыруда. Халықпен келесі есептік кездесулер ағымдағы жылдың 5 сәуірінде өтеді.
Жосалы кенті, сағат 10.00, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі;
Қатысушылар: Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Б. Ерқұсаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Т. Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.М.Шаймбетов, Қармақшы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б. С. Нысанбаев.
Байқоңыр қаласы, сағат 15.00, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілдігінің мәжіліс залы;
Қатысушылар: ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қ.Ы. Нұртай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Т. Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.М.Шаймбетов, Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасы бас дәрігері Т.Ә. Байтілеуов.
