Kyzylorda-news.kz.  Бүгін партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов партияның облыстық және қалалықфилиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен бірге қаланың сол жағалауындағы Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан «Қан орталығы» құрылысына мониторинг жүргізді.

Мемлекет басшысы «Ұлт саулығы – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты» деп айрықша атап өткен болатын. Елдің саулығы, сапалы медициналық қызметке қол жетімділікті арттыру Мемлекет басшысының саяси тірегі саналатын «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында да кеңінен көрініс тауып отыр. Осы мақсатта партия ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Мәселен партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 16 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталса, жыл соңына дейін «Қан орталығы» іске қосылатын болады. Орталық ашылғаннан кейін облыста қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткіші 500-ден 10 мыңға дейін артпақ. Бүгінгі күні орталық құрылысы жұмыстары 80 пайыздан жоғары аяқталған. Мердігерлер қаржысы уақытылы, құрылыс жұмыстары еш кедергісіз жүріп жатқандығын жеткізді.

Мониторингтік топ, халық игілігіне бағытталған әлеуметтік нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуы маңызды екенін атап өтті. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғанша нысан партия бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: