Kyzylorda-news.kz Медициналық және фармацевтикалық департаменті дәріхана қызметінің талап-ережелерінің сақталуын бақылайтынын білеміз.
Аталған департамент 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша 74 тексеру жүргізген. Жүргізілген тексерулер бойынша тиісті шаралар қаралып, жауаптылар жүйелі жұмыс жасауда. Жыл бойы атқарылған жұмыстарды Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанерке Жақсылық баяндап берді.
– Жалпы Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық қызметті 522 нысан жүзеге асырады. 2024 жылдың 12 айында Департаментке Тиісті дәріханалық практика GPP талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізуге 28 өтініш түсті. Өткізілген 28 инспекцияның ішінде GPP талаптарына сәйкестігіне 26 сертификат берілді. 2024 жылы фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге 457 өтініш келіп түсті. 2024 жылдың 12 айында Департаментке азаматтардың «Е-Өтініш» барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы 67 жолданым келіп түсті,- деді Жанерке Алмасқызы.
Фото: Нұрболат Нұржаубай