ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Жаңа деректер нашар бактериялардың көп болуы тез қартаю мен физикалық форманың бұзылуына әкеп соғатынын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат
 

Адам ішегінде денсаулығы үшін маңызды рөл атқаратын триллиондаған микроағза бар.

Жақында ғана Developmental Cognitive Neuroscience журналында жарияланған нәтиже ішектегі микроағзалардың алуантүрлілігі біздің физикалық формамызға ғана емес, қартаю жылдамдығына да әсер ететінін көрсетті.

Зерттеу авторы, профессор Жолт Радактың сөзінше, Венгер спорт ғылымдары университетінің мамандары ашқан жаңалық пробиотиктерді денсаулық пен ұзақ жасау үшін пайдалануға болатынын дәлелдеді.

Радак командасымен бірге Будапеште ішек микробиомасының алуантүрлілігі мен биологиялық жас, яғни өмір сүрген жылымен емес, денсаулық жағдайымен анықталатын жас және 80 әуесқой ескекшінің физикалық дайындығы арасындағы байланысты зерттеді.

Зерттеу аясында әр қатысушы бірқатар фитнес-бағалаудан өтіп, ішекте бактерия бар-жоғын және биологиялық жасын анықтау үшін талдау тапсырды.

«Біз қабыну процесін тудыратын бактериялар қартаюды жеделдететінін анықтадық. Жедел қартаю дегеніміз – сіздің өз хронологиялық жасыңыздан кәрі болуыңыз» деп атап өтті Радак Euronews Next-ке берген сұхбатында.

Осылайша, ескекшілердің ішек микробиомындағы бактерияларды талдай келе зерттеушілер пайдалы бактериялар көп болса – физикалық форма көрсеткіштері жақсарып, қартаю қарқыны баяулайтынын анықтады.

Қазіргі уақытта Радак командасы жартыжылдық қайта зерттеу жүргізіп жатыр. Онда мамандар ескекшілердің ішек микробиомын пробиотиктермен алмастырды.

Осы арқылы пробиотиктер биологиялық жасқа қалай әсер ететінін бағалайды.

Зерттеу нәтижесі 2024 жылдың басында жарияланады деп жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыз: