Фото: medcentr-meduzas.com.
Kyzylorda-news.kz Қазіргі таңда елімізде балалардың жаппай қызылша індетін жұқтыруы жоғарылап, эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осыған орай, әр өңірде шұғыл шаралар қолға алынып, қосымша жаппай иммундау науқаны қызу жүруде.
Қызылорда қаласы әкімдігінің дерегінше қала бойынша барлық егілуге жатқызылған балалардың саны - 30 347-ні құрады. Ал, иммундау басталғалы бері 1 965 балаға вакцина егілді.
Ахуалға байланысты қала әкімі Асылбек Шаменов жедел жиын өткізіп, денсаулық сақтау саласына қарасты мекемелер мен барлық емхананың бас дәрігерлеріне және қалалық білім бөлімінің басшысына екпе егу жұмыстарын тиісті контингенттерге толық және сапалы ұйымдастыруды тапсырды.
Бүгінде қала бойынша қызылшаға қарсы вакцина қоры жеткілікті. Ендігі кезекте ата-аналар балаларын қызылшаға қарсы жүргізілетін екпе шараларына түсіністікпен қарағаны жөн.