Kyzylorda-news.kz.  Бүгін облыстық перинаталды орталығында халықаралық мейіргерлер күні салтанатты түрде аталып өтті. Бас дәрігер Олег Ким және кәсіподақ төрайымы И.Р.Нұрымбетова жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді. 

Салтанатты іс-шарада алдымен бас дәрігер Олег Ким «Мейіргер ісінде білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы» атты облыстық кәсіби конкурстың сайысында «Үздік аурухана мейіргері-2023» номинациясының иегері Ақмарал Жолмаханованы марапатымен құттықтап, ұжым атынан сыйлық табыстады.

Ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбектері үшін және үздік мейірбикелерді Облыстық перинаталдық орталығы әкімшілігінің, кәсіподақ ұйымының атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады, сонымен қатар кәсіподақ ұйымы ота жасау, ересектер жансақтау, гинекология, нәрестелер, нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы, кеңес беру – диагностика, орталық залалсыздандыру бөлімшелеріне сыйлық табыстады.

Іс-шара соңында бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі жөніндегі орынбасары Сәуле Жақанова құттықтау лебіздерін білдіріп, барша мейірбикелерге алғыстарын жеткізді.

 

 

Тағы да оқыңыз: