Kyzylorda-news.kz. Сырдариялық қыз-келіншектердің сырласына айналған меббике Гүлзина Ақжайларованы өз ісінің білгірі ретінде жақсы білеміз. Қай кезде де, ақжарқын, жайдарлы мінезімен адам көңіліне шуақ сыйлайтын сала маманын әріптестері ерекше құрметтейді.
Шындығында, Гүлзина Серікбайқызының еңбек жолы «Жан сақтау» бөлімшесінде басталып, «Гинекология» бөлімшесінде жалғасын тапты. 2008 жылдан бері аталған бөлімшенің аға аяжаны қызметін атқаруда. Басшылық тарапынан келіп түскен әрбір тапсырманы мүлтікісіз орындайтын сала маманы – өз жұмысына мығым саналады. Ол – 1997-2000 жылдары арасында Қызылорда қаласындағы медицина колледжінде білім алады.
– Ел болашағына бей-жай қарамайтын баланы дүиеге әкелетін ана денсаулығы – қашанда басты назарымызда. Дәрігерлермен кеңесіп, олардың тағайындаған емін сапалы жүргізуге тырысамыз. Бүгінде нәзік жандылар күйбең тірліктің жетегінде жүріп, өз денсаулығына немқұрайлы қарайды. Сондықтан әрбір ананың денсаулығына қатысты сан түрлі фактордың орын алуы – жағдайыды күрделі етері анық. Осыған дейінгі қызметімізге көпшілік қанық. «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» аяулы жандардың амандығын тілейміз, – деді сала маманы.
Айта кетейік, Гүлзина Серікбайқызы жолдасы Серікбол Баймаханмен бірге 2 бойжеткеннің ата-анасы атанып отыр.