Kyzylorda-news.kz Білікті маман, тәжірибелі медбике Гүлжан Жаппасбаеваның аудан медицинасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. 25-жылға жуық аудандық ауруханада қызмет етіп келе жатқан сала маманы өзінен кейінгі жас буынға үлгі болып келеді. Шындығында, 2000 жылы ақ халатты жан Қызылорда қаласында фельдшер мамандығын меңгеріп шығады. Жалағаштық бойжеткен оқу бітірегеннен кейін тереңөзектік Нұрмағанбет Алпысбаевпен отандасады.
Негізінен, Гүлжан Жаппасбайқызы «Гинекология» бөлімшесінде қызмет ете жүріп, медицинаса саласының қыр-сырына қанығады. Нәзік жандылардың денсаулығына бей-жай қарамай әйел затының күтіміне мұқият көңіл бөледі. Бірнеше буын өкілімен әріптес атанған медбике өмірден көргені мен түйгені көп. 4 перзенттің анасы отбасындағы келіндік міндетті лайықты түрде атқарып, жұмысына да, адалдық танытуда.
– Медицина саласында маман ретінде қалыптасуыма сапалы білім мен көптеген тәжірибе себепкер атанды. Осы жылдың наурыз айынан бастап «Балалар» бөлімшесінде аға аяжан қызметіндемін. Әрине, қандай жұмыс болмасын тиісті деңгейде атқаруға тырысамыз. Науқастардың еміне көңіл бөліп, бөлімшедегі медбикелердің қызметін бағытын үйлестіремін. Өзім таңдаған күрделі саланы қос қызым таңдады. Қыздарыма қай кезде де, ақыл-кеңесімді айтып, жұмыста жауапкершілік таныту керектігін жеткізіп келемін, – деді аға аяжан.