Kyzylorda-news.kz. Соңғы уақытта қант диабетi атауымен белгілі "сусамыр" ауруы бұл күні дүйім жұртты бейжай қалдырмауда. Дәрігерлер де салауатты өмір салтын сақтау керектігін, артық салмақтан арылу жайын түсіндіріп, дабыл қағуда. Осындай дертпен дер кезінде емделмесе, асқынып кететіндігі ақхалаттыларды алаңдатуда.
Қант диабеті («тәтті ауру») - инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жетіспеушілігі аясында дамитын гетерогенді патология (ұйқы безінің инсулин аппаратымен синтезделген гормон). Ауру біртіндеп көмірсулардан бастап метаболизмнің барлық түрлерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың аясында үлкен және кіші қан тамырлары әсер етеді, сондықтан жедел және созылмалы асқынулардың алдын алып, патологиялық жағдайды уақытында диагностикалау қажет.
Әлемде "қант диабеті" деген диагнозы бар адамдар саны жылдан-жылға артып келеді. Оның жиі кездесетіні соншалық, ол дерт инфекциялық емес пандемия сипатына ие болып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Жер ғалашмарындағы тұрғындардың шамамен 6%-і қант диабетіне шалдыққан. Ең өкініштісі, бұл дерт жылдан-жылға жасарып келеді: егер бұрындары қант диабетінің 2-ші түрі көбіне 50 жастан асқан адамдарда кездессе, қазір бұл ауру 30 жастағы науқастардан да анықталып жатыр. Осыдан 30 жыл бұрын қант диабетінің 2-ші түрі қарт адамдардың дерті деп саналды.
Ресми статистикаға сүйенсек, қант диабетінің 2-ші түрі кең таралған. ДДҰ статистикасы бойынша 2025 жылға қарай әлемде осы ауруға шалдыққан адам саны 380 миллионға жетеді. Алайда бұл болжамды көрсеткіш іс жүзінде әлдеқайда көп болатыны анық. Себебі қазірдің өзінде қант диабетінің 2-ші түріне шалдыққандар саны 400 миллионнан асып отыр.
Әртүрлі себептерге байланысты қандағы қант деңгейі тым жоғары болатын эндокриндік бұзылулар, яғни дене гипергликемиямен ауырады.
Бұл жағдай зардап шеккен адамның денсаулығының ауыр проблемаларына шалдығудың көптеген мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Жүрек ауруы, бүйректің зақымдануы, депрессия, терінің зақымдануы, көздің және жүйке жүйесінің бұзылуы, есту қабілетінің бұзылуы. Мұның бәрі қант диабетін өлімге әкелетін ауруға айналдырады.
Оның себептерін білу және бұл дұрыс емес диетаға байланысты емес екенін түсіну - бұл ауыр және сонымен бірге кең таралған ауру туралы білімдерімізді арттырудың кілті.
Дәрігерлердің айтуынша, сусамырмен көбіне 40-50 жастан асқандар ауырады. Кейінгі кезде балалар да осы қатерлі ауруға жиі шалдығуда. Ағзаға дендеген сырқат жыл сайын өршуде. Оның ерекшелігі сонда, бастапқы белгілері білінбейді. Сол себепті де алдын алып азаматтардың денсаулығын жақсарту жолында "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Баянды бағдарлама аясында қатерлi iсiк, жүрек, қан-тамырлары аурулары мен қант диабетін де уақытылы анықтап, ем-дом жүргізу мүмкін болды. Дер кезінде емдеу шарасы ұзақ өмір сүруге кепілдік береді деседі мамандар.
"Қант диабеті қазіргі таңда жиі таралған аурулардың қатарында. Оны эпидемиологиялық емес, пандемия жағдайында даму үстінде деп те айта аламыз. Негізгі ауру себебі – тұқым қуалаушылықпен қоса, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия, семіздік, стресстік жағдайлар жатады. Белгілері, ұзақ уақыт бойы білінбегендіктен, науқастар көбіне денсаулығына мән бермей жатады. Ауыз құрғағау, шөлдеп жиі су ішу, терінің қышуы, жиі кіші дәретке шығу, шаршағыштық болса, уақыт өткізбей дәрігерге қаралған жөн. Егер қант диабеті диагнозы қойылса, дәрігер бақылауында болып, тағайындалған емін қабылдап, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Қант диабетін ерте диагностикалау қазіргі кезде медицина саласының алға қойған өзекті мәселелері саналады. Ол үшін әр жылда жасқа сәйкес мектеп оқушыларын және ересектерді скринингтік тексеруден өткіземіз. Глюкометр арқылы қандағы глюкоза деңгейі тексеріледі. Сонымен бірге әр аптаның бейсенбі күні "Қант диабеті" мектебі өткізіледі", – дейді теміржол емханасының дәрігер эндокринологы Гүлфариза Бердібаева.
"ХХІ ғасырдың дерті – семіздік екені ешкім үшін жасырын емес. Диабеттің қатысы қанша? Қатысы бар. Себебі семіздіктің 80 проценті ерте ме, кеш пе, қант диабетіне алып келеді. Семіздікке ұшыраған әрбір екінші адам қант диабетіне тап болуы ықтимал", - дейді эндокринолог.
Шамамен 20 жыл бұрын Америкада зерттеу жүргізіп, медбикелерді бақылады. Зерттеу бірнеше жылға созылды. Нәтижесі көрсеткендей, сынақ басталған кезде артық салмағы болған, бірақ семіздігі жоқ медбикелер семіздіктің 1-ші деңгейіне дейін артық салмақ қосқанда, қант диабетіне шалдығу қаупі 70 процентке артты.
"Семіздікті адамның жай ғана косметикалық ақауы деп қарастыруға болмайды. Бұл – ақырында қант диабетінің 2-ші түріне алып келетін метаболизмдік ақаулардың кешені. Оған адамның жасы да әсер етеді. Егер адам өзі қорыта алатын шамадан көп мөлшерде тамақтанса, онда оның ағзасына түскен энергетикалық ресурстар май жасушалары түрінде сақтала бастайды. Бұл май жасушалары шексіз көлемде ұлғая бермейді. Олар белгілі бір деңгейге – 10 мкм жеткеннен кейін одан әрі өсе алмайды. Себебі қанмен қамтамасыз ету процесінде ақау пайда болады", - деп түсіндірді дәрігер.
Соның салдарынан микрогипоксия – осы жасушалардағы қанның микроциркуляциясы бұзылады. Ағза мұндай жасушаларды қауіп ретінде бағалап, олардың көзін жоя бастайды.
"Егер мұнда жасушалар саны онша көп болмаса, онда аса сау емес жасушалардың жойылуымен ғана аяқталар еді. Бірақ артық салмағы бар адамның ағзасында мұндай жасуша өте көп болғандықтан, бұл жағымсыз жағдайдың басталуына алып келеді. Себебі шамадан көп түзілген май жасушаларының көзін жою процесі кезінде қабыну пайда болады. Көп және өліп жатқан адипоциттер айналасында ақ қан жасушалары жинала бастайды. Олар қабынуға қосымша себеп болады. Жасуша неғұрлым көп болса, қабыну да соғұрлым күшті жүріп, осы арқылы ақ қан жасушалары мен қабыну факторларын ынталандыра түседі. Былай айтқанда, қабыну өзін-өзі тудыратын процеске айналады", - деді маман.
Ағзадағы бұл созылмалы қабынудың белгілері аса қатты байқалмайтыны да жағдайды ушықтырады.
"Ол адамдардың бойында қауіп сезімін тудырмайды. Мысалы, біз тұмауға шалдықсақ, дене қызуы көтеріледі және тағы басқа симптомдар пайда болады. Соған қарай адам әрекет етіп, ем қабылдайды. Ал семіздік саналы түрде бола бермейді. Оны сезіп білу мүмкін емес. Әрине адам бойында әлсіздік пен шаршаңқылық секілді өзгерістер пайда болады. Бірақ ешкім оған жете мән бермейді", - деді дәрігер.
Соның салдарынан семіздік аясындағы қабыну инсулинге төзімділікке алып келеді. Яғни ағза инсулин әсеріне төзімді бола бастайды.
"Глюкоза жасушаға түсе алмайды, жасуша энергия жетіспейтіні туралы миға сигнал береді, ми аштық орталығын іске қосады. Соның салдарынан адамның тәтті жегісі келеді. Себебі тәтті тағам ағзаны энергиямен өте жылдам қамтамасыз етеді. Бұл қандағы глюкозаның көлемін тез арттыратын және энергия беретін ең қарапайым өнім. Қанда глюкоза саны тағы артады. Соның салдарынан инсулинның қосымша синтезі басталады. Ақырында қанда глюкоза да, инсулин де көп болады. Бірақ жасушада глюкоза жетіспейді", - деп дерттің туындау механизмін түсіндірді эндокринолог.
Ми энергия тапшылығы туралы сигнал беруді жалғастыра береді де, адам бей-берекет тамақтана бастайды. Көбіне тәтті, құнарлы, энергияға толы тағам таңдайды. Соның салдарынан салмағы одан бетер артып, бұл қант диабетінің туындау қаупін еселей түседі.
Дәрігердің айтуынша, Қазалы теміржол емханасы бойынша 301 науқас "Қант диабетінен" диспансерлік есепте. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар. Ересектер 2021 жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрығы негізінде тегін дәрілер алуда.
Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының мәліметінше, қант диабетіне 20 миллионға жуық адам шалдыққан. Олардың ішінде 10 процентін балалар мен жасөспірімдер құрайды. Оның кең таралуы әлеуметтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді. Көпшілікті жаппай жоспарлы медициналық тексеруден өткізу, ауыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, арнайы тамақ түрлерін шығару және санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.
Науқастарды емдеуде негізгі ем – диетотерапия және тиісті режимді сақтау қажет.