Фото: kp.ru/doctor

Kyzylorda-news.kz  Ғалымдардың зерттеуі бойынша құрамында 800 мкг фолий қышқылы бар витаминді, жүктілікке дейін 1 ай, жүктіліктен кейін 2 ай ішкен əйелдерің балаларында Нерв түтікшесінің ақаулары 92% төмендегенін байқаған. Бұл туралы ақпаратты Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы жариялады.

Нерв түтікшесі дегеніміз не жəне оның маңызы қандай?

Нерв түтікшесі – ол нейрондар мен орталық нерв жүйесі (бас ми мен жұлын) дамитын түтікше.

Нерв түтіктері ұрықтанғаннан кейін 21-26 күндері дамиды. Ал әйелдер көп жағдайда тіркеуге тұруға 8-12 аптада барады. Ол кезде жүйкелер мен кейбір ағзалар дамып қалыптасқан болады. ⠀

Сондықтан егер сіз жүктілікті жоспарласаңыз, жүктілікке дейін 1 ай, кейін 12 аптаға дейін міндетті түрде ішу керек. Жүктіліктің соңына дейін іше беруге болады, әсіресе І триместрде тәулігіне 400- 800 мкг міндетті түрде ішу керек.

Фолий қышқылын ішу қаншалықты маңызды?

– Фолий қышқылы əртүрлі жүйке жүйесіне байланысты ақаулардың;

– Жүрек- қантамыр жүйесінің ақауларының;

– Даун синдромының

– Əртүрлі аномалиялардың алдын алуда маңызы зор.

Сондықтан фолий қышқылының маңызын əрбір болашақ ана білуі тиіс.

Тағы да оқыңыз: