Kyzylorda-news.kz. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, Қызылорда облысының білім басқармасымен бірлесіп, "Есірткісіз әлем ғажайып...» тақырыбында  граффити  байқауын ұйымдастырды.

Байқауға жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары қатысты.
Байқаудың негізгі міндеті - қандай да бір арнайы қаражатсыз жастар мен жасөспірімдерді позитив іздеуге бағыттау және кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемаларын түсіндіру, осындай тәрізді іс-шараларға белсенді тарту мен қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну жолымен жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін анықтау болды.

Байқаудың бірінші кезеңі аймақтарда өтті, екінші облыстық кезеңге 12-18 жас аралығындағы 48 жұп сайыскер қатысты, олар өздерінің граффитиінде нашақорлық проблемасына көзқарасын білдірді.

Қатысушылар граффити суреттерін қабырғаға емес, импровизацияланған материалдарға: қағазға, матаға, кенепке, баннерлерге және тіпті картонға салды.
Қатысушыларды орындау техникасы, жұмыстың сапасы мен тазалығы, сурет салу идеясы, суретті жалпы қабылдау бойынша бағалады.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 24 сайыскер жұп ынталық үшін алғыс хат иеленсе, 24 жұп жеңімпаз деп танылып, олар сыйлық пен дипломдар алады.
"Үздік граффити" номинациясына және 1 орын иегеріболып бірнеше жұп аталды, олар: Сансызбаева Самал мен Абдилхамит Сафиянұр - Шиелі ауданы №49 орта мектеп, Бейбутова Дана мен Бесемби Адэля - Қызылорда қаласы N211 орта мектеп, Серік Асылжан, Бектасқызы Жансая мен  Нұрлыбек Дамир, Нұрлыбек Аяулым - Жалағаш ауданы №№201 мектеп-лицей мен N246 орта мектеп, Көбеген Нұрай, Жиенеев Дәулет - Арал ауданы N73 орта мектеп, Мұхан Ақгүл мен Орақов Абай - Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицей өқушылары.

Тағы да оқыңыз: