Kyzylorda-news.kz.  Короновирустың жаңа "Эрис" штамы Қазақстанға да жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтқан болатын. "Эрис" штамының ерекшелігі мен негізгі белгілері қандай?

Бұл "омикронның" кезекті ұрпағы. Оның алғашқы үлгілерін ғалымдар 2023 жылдың ақпан айында анықтады, ал қазіргі таңда ол әлемнің 50-ден аса елінде тіркелді, оның ішінде Қазақстан да бар. Короновирустың бұл штамы әсіресе Үндістан мен Ұлыбританияда белсенді.

Ол өте жылдам жұғады. "Эристің" белгілері вирустық респираторлық жұқпалардікіне ұқсайды. Оған мыналар жатады:

Жалпы әлсіздік;
Тамақтың ауыруы;
Мұрынның бітелуі;
Түшкіру;
Құрғақ жөтел;
Кеуде тұсының қысып ауыруы;
Бас ауыруы;
Бұлшықеттердің ауыруы;
Қалтырау.
Ал COVID-19-ға тән демікпе, иіс сезбеу және қалтырау белгілері қазір бұрынғыдан сирек кездеседі.

Ал дәрігер Йоханнес Уйстің айтуынша, "Эристің" тұмаудан бірнеше ерекшелігі бар.

Біріншіден, аурудың қалай дамитынына мән беру керек. ЖРВИ немесе тұмау әдетте бірден білінеді. Мысалы, қазір өзіңізді жақсы сезініп тұрсыз, ал кешке мұрныңыздан су ағып, жөтел басталып, температураңыз көтеріледі. Ал ковидпен жағдай басқаша: ауру бірден емес, баяу дамиды.

Екіншіден, ауыру ұзақтығын ескеру қажет. Әдетте, тұмаудың белгілері бір аптаға ғана созылады. Коронавирус ең аз дегенде екі апта мазалайды. Кей адамдар 1-2 айлап ауыруы мүмкін.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Тағы да оқыңыз: