Kyzylorda-news.kz   Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналды мемлекеттік мекемесіі 2016 жылдың 1 наурызында ашылған. №278 Б.Момынбаев атындағы ІТ мектеп- лицейінің ғимаратында орналасқан мекеме дамуында ақауы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағытында жұмыс істейді.

Бүгінде балалардың жасына сай қалыпты дамуының кешуілдеп, түрлі бұзылыстармен бетпе-бет келу жағдайы жиілеген. Мұндай ерекше балаларды әлеуметтік қолдау, оңалту, бейімдеу шаралалы мемлекеттің қолдауымен қолға алынып, соның аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Аталған мекеме осы бағытта жұмыс істеп дертіне шипа іздеген балалардың оңалып, денсаулығының жақсаруы үшін қызмет көрсетеді. «Қызылорда қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мекемесінде қазіргі таңда жетпіске жуық бала ем алады екен. Оның ішінде 8 түрлі бұзылыстағы балалар түзету көмегін алуға келеді. Әсіресе, тірек-қимыл қозғалысы бұзылған, өздігінен жүріп тұра алмайтын балалар да бар. Оларға мекемедегі арнайы мамандар тиісті көмекті көрсетеді.

Мекеме мамандарының айтуынша, орталық көмегіне жүгінетін балалар қала аумағынан, оның ішінде шет аймақтардан келетін көрінеді. Ем алуға келетін ерекше балаларға әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім-логопед, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, ЕДШ нұсқаушысы, массаж маманы тиісті ем-дом шараларын жасайды.

Мекемеге балаларына ем алуға келетіндердің қарасы қалың. Мұндағы мамандардың балалардың диагнозына сәйкес ем тағайындап, сол бойынша жұмыс істейді. Бұл істі нәтижесіз деуге болмайды. Себебі, көңілі жабырқаған ата-анаға үміт сыйлаған орталықта ем алушылардың бастапқы кезеңнене әлдеқайда жақсы өзгеріске жетуі еңбектің зая кетпегенін білдіреді.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: