ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Жаз маусымында адамдардың аңсары ауатын қауын-қарбыздың дәмінде шүбә жоқ. Алайда осы аталған өнімдерден жедел ішек инфекциясымен ауырып жатқандарды да естиміз. Осы жайында бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова толық ақпарат берді. 

«Жаз маусымы басталысымен жедел ішек инфекциясы ауруларының тіркелу көрсеткіші басқа кезеңдерге қарағанда арта бастайды. Оған себеп – ыстық ауа райында тамақ өнімдерінің тез бұзылуы, мерзімінен ерте піскен жеміс-жидектерді мөлшерден тыс қолдану. Нақты атап кетсек, облыста жедел ішек инфекциясына шалдыққан 21 жағдай есепке алынды. Әдетте қарбыздар маусым айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары. Бұдан бөлек, гербицид, пестицидтердің мөлшерден тыс болуы да денсаулыққа кері әсер етеді. Қарбызды мөлшерінен көп жеуге де болмайды. Ересек адамдар үшін бір күндік норма 500 грамм, 4-6 жастан асқан балаларға 150 грамм. 2 жасқа толмаған бөбектерге қарбыз беруге болмайды. Сонымен қатар, жеміс-жидектерді, қарбыз-қауынды сақтау және жеткізу ережесінің бұзылуы да осы өнімнен ауырып қалуға себеп болады. Айта кетейін, ерте піскен жеміс-жидектер мен қауын-қарбыздардан денсаулыққа зиян келмес үшін сақтық шараларына салғырт қарамауды, ауру белшілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну керек», - деді Динара Олжабайқызы.

Тағы да оқыңыз: