Фото: dknews.kz
Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін ведомствоның Telegram-арнасында министр Ажар Ғинияттың отставкаға кетуі туралы өтініші бар материалға сілтеме не себепті берілгенін түсіндірді. Бұдан бөлек, министрлік петиция туралы да айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл жарияланым осы петицияны теріске шығаратын материалды орналастыру кезіндегі қателіктің нәтижесінде пайда болған.
Петиция мазмұны шындыққа сәйкес келмейтіндіктен, оның үстіне сенімсіз ақпаратпен азаматтарды адастыратындықтан, департаменттің баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындаған, – деді Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ ведомство пайдаланушылардан алдымен әлеуметтік желідегі парақшаларында репост жасауды сұраған бұл петицияға қол қою механизмі азаматтар үшін ашық дауыс беру жүйесін қамтамасыз етпейтінін айтты.
Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпарат себептері, тексерілмеген дереккөздер пайдаланылып, тікелей арандатушылықтар қолданылған ақпараттық шабуылдардың нысанасына бірнеше рет айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған ақпарат арқылы беделге нұқсан келтіру әрекеттеріне қарамастан, министрлік мемлекеттік орган ретінде әрқашан ашықтық пен жариялылық саясатын ұстанатынын және сындарлы диалог пен пайдалы пікірталасқа әрқашан дайын екенін атап өткіміз келеді, – деді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың отставкаға кетуін сұрап онлайн түрде петиция жарияланғаны белгілі болған. Оған әзірге 584 адам қол қойған.