Kyzylorda-news.kz. Бүгін партия алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауда келушілер жедел-жәрдем қызметі, дәрі-дәрмектер тізбегі мен портал арқылы ем алу шаралары бойына өтініштері мен өз ұсыныстарын білдірді.

Сабалақ саяжайына жауапты жедел-жәрдем көлігінің санын арттыру ұсынысы қаралып, алдағы уақытта оң шешілетіні жеткізілді. Ем-дом шаралары бойынша қолданыстағы заң нормалары мен нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.

««AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтаудың қол жетімділігі мен сапасы басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Партия әрбір азамат тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуы керек деп есептейді және осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтсам, биылғы жылдан бастап денсаулық саласы бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жылы 16, келер жылы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Қызылорда қаласында емханасы бар, көпбейінді аурухана, қан орталығы құрылыстары басталды және Сексеуіл кентінде аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, перинаталдық орталық және Арал ауданының ауруханасына жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылыстарының құжаттары әзірленуде. Жедел жәрдем мәселесі де алдағы уақытта шешімін табады»,- деді бас дәрігер Олжас Искаков

Қабылдау барысында тұрғындар тарыпанан көтерілген мәселелер басқарма басшысы мен партиялық бақылауға алынды.

Тағы да оқыңыз: