Kyzylorda-news.kz. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жаңа «дельта» штамы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жаңа «дельта» штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас.

«Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды», – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ іштің ауыруы, құсу, тыныс жолының тарылуы мүмкін.

Жандарбек Бекшин тек вакцина ғана ауруды жұқтырмауға әрі өлімді азайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

«Бүгінде Алматыда 386 222 адам вакциналанды. Өткен тәулікте коронавирусқа қарсы 5 840 адам екпе алды. 60 жастан жоғары екпе алған адам саны – 49 314. Жастар қорғаныс шараларына жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға баруы керек»,- деді ол.

Тағы да оқыңыз: