Kyzylorda-news.kz   Сырдария аудандық ауруханасының жекелеген бөлімшелеріне емделуге әрбір тұрғын Алтын Ізетқызының жатқа білетіні жасырын емес. Себебі, биязы қалпынан таймайтын сала ардагері 31 жыл бойы «Физиотерапия» бөлімінде емделушімен тығыз байланыста болды. Елдің алғысын арқалап, жүктелген міндетті мінсіз атқара білді.

Негізінен, Изетова Алтынкүл осыдан 69 жыл бұрын Қазалы ауданына қарасты Каукей елді мекенінде көп балалы шаруаның отбасында дүниеге келген. Сала ардагері 1975-1977 жылдары Қызылорда қаласындағы медициналық колледждің медбике дайындау тобында оқып, мәртебелі мамандық иегері атанады. Дәрігер отбасынан шыққан ардақты ананың медицинадағы еңбек жолы «Терапия» бөлімшесінен басталады. 1977 жылы Хазит Бегімқұловқа тұрмысқа шығып, дүниеге 4 перзент әкеледі.

– Сүргелеңге толы, ауыртпалыққа толы медицина саласында еңбек ете білген әрбір маманға зор жауапкершілік артылады. Негізінен, медицина саласын таңдап, өлшеусіз еңбек еткеніме дән ризамын. «Физиотерапия» бөлімінде жүріп, дәрігер тағайындаған ем-шараны жасадық. Әрбір физиотерапияның науқасқа қолданатын уақыты болады. Сондықтан біз науқасқа ем дарыту үшін барымызды салдық, – дейді сала арадегері.

 

Тағы да оқыңыз: