Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының медицина саласы қызмет бағыты сан тарапқа бөлінген. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылған болатын. Сондай-ақ аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында да жұмыстар атқарылып келе жатыр.
Өңірлік жоспарды негізге алып Сырдария аудандық ауруханасына 34351 тұрғын емханаға қарасты «Бекітілген халық тіркелімі» бағдарламасына тіркелген. Оның ішінде балалар саны-11699, жасөспірімдер-1865, ересектер-20787.
Мекеме құрамында аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет бар. Ал,аудандық аурухана құрамында балалар бөлімі, хирургия бөлімі, терапия бөлімі, жансақтау бөлімі, гинекология және перзентхана бөлімшесі, оңалту және қалпына келтіру, паллиативті көмек бөлімшесі, сонымен қатар жұқпалы аурулар бөлімшелері 110 төсек орында жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда аудандық денсаулық сақтау саласында барлығы 716 қызметкер, оның ішінде 69 дәрігер, 393 орта буынды қызметкерлері, 123 кіші буынды және 131 басқа да қызметкерлер қызмет атқаруда.
«Медициналық оңалтуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы негізінде 2020 жылдың қазан айында аудандық емханада амбулаториялық медициналық оңалту және қалпына келтіру емі және 10 төсектік күндізгі оңалту бөлімшесі ашылып, 2024 жылдың 3 айында 29 науқас ем қабылдады, жалпы күндізгі стационарда 931 науқас ем алған. Алғашқы анықталған 4945 науқас ішінде 2855 – ересектер, 327-жасөспірімдер, 173- балалар болып табылады.
Ағымдағы жылдың 3 айында емханаға келіп қаралу саны – 55511 құрады (2023ж-52391), өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3120 науқасқа көбейгені байқалады. 55 511 науқас ішінде балалар саны -18884, жасөспірімдер саны-5151, ересектер саны-31 276.
«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығының орындалуы барысында өткен жылы қан айналым жүйесі ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында жоспарланған адам саны 3159, оның ішінде ағымдағы жылдың 3 айында 1468 (46,5%) адам тексеруден өтіп, 16 (1,9%) ауру анықталып, барлығы да диспансерлік есепке алынды. Қан айналым жүйесі ауруларынан асқынуының алдын алу мақсатында күнделікті қан қысымын бақылау құралы (СМАД) және ЭКГ-ні күнделік холтермонитерлеу (ХОЛТЕР), Телеметрия аппараттары жұмыс жасауда. Глаукома бойынша жоспарланған жалпы 3879 халықтың 1751 (45,1%) адам қамтылған. Аынқталғаны 2-0,1%, диспансерлік бақылауға алынған. Мұнан бөлек, қант диабеті ауруын ерте сатысында анықтауға жоспарланған 3806 адам, 1734-45,6% тексеруден өткен, оның ішінде 7 ауру, яғни 0,40% анықталды.Ал, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында жүргізілетін скринингке жоспарланған әйел саны 1757. Ағымдағы жылдың 3 айында 544-31,0%. Анықталған ауру саны 15-2,8%. 100% диспансерлік бақылауға алынды. Сонымен қатар, жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша жоспар 1210, оның ішінде 465 -38,4% әйел тексеруден өтіп, 16 (3,4%) ауру анықталып, 3 (18,7%) әйел диспансерлік есепке алынған, сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.Тік және тоқ ішек қатерлі ісігі бойынша 2102 адам жоспарланып, 684-32,5% тексеруден өтті, анықталған ауру саны -24-3,5%. Диспансерлік бақылауға 2, яғни 8,3% алынған.