Kyzylorda-news.kz. Адам денсаулығын жақсарту мақсатында жоспарлы ем жүргізу – маңызды рөл ойнайды. Өз кезегінде аудандық емхананың дәрігер-фтизиатры Ләззат Ибраймова Аманкелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясында мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын.

Сонымен қатар, амбулатория қызметкерлеріне «Туберкулездің алдын алу, диагностикалау, қадағалау» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

– Қай кезде де, денсаулық сақтау саласын жетілдіру арқылы жергілікті халықтың сырқаттануын азайта аламыз. Біз жоспарлы түрде Аманкелді ауылының тұрғындарына  тексеру жұмыстарын жүргізіп келеміз.  Бұл ретте,  ауыл тұрғындарының туберкулезге шалдығу көрсеткішін төмендету мақсатында жүйелі жұмыстар жасап келеміз. Егерде туберкулез ауруына шалдыққан  кісілер анықталған жағдайда жоспарлы ем қабылдауға ауруханаға жолдаймыз. Халық арасында аталған дертке шалдығуды болдырмау үшін барлық іс-шараларды қабылдаймыз. Дегенмен, жергілікті тұрғындар жоспарлы профилактикалық тексеруден өтуден бас тартып жатады. Нәтижесінде, арушаңдық деңгей көбейіп жатады, – деді білікті дәрігер. 

Арнайы бұйрыққа сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар туберкулездің алдын алудағы міндеттері сараланды, Аудандық/ауданаралық, қалалық емханалардың консультациялық диагностикалық бөлімшелерінің мамандандырылған фтизиатриялық кабинеттерінің фтизиатр-дәрігерлерінің міндеттемелері, туберкулез кезінде медициналық оңалтуды ұйымдастыру, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының балалардағы туберкулезді диагностикалау алгоритмі жолға қойылған. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының өкпеден тыс туберкулезді диагностикалау алгоритмі туралы жалпы түсінік берді.

– Жақында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың тапсырмасына сәйкес, Аманкелді ауылында қан талдау аппаратын алу жұмыстары жүргізілген болатын. Осы жолы аудандық емхананың дәрігер-фтизиатры Ләззат Ибраймова тұрғындардың денсаулығы жіті бақылады. Әрбір адамның денсаулығы жақсы болған жағдайда медицина саласының сапалы қызметін аңра аламыз. Біз сала мамандарының жұмысына сәттілік тілейміз, – деді аудандық мәслихат депутаты Нұрман Абдрасиов.

 

 

Тағы да оқыңыз: