Kyzylorda-news.kz.  Қызылордада 22 жастағы азаматдүние жүзінде әлі емі табыла қоймаған «Хираяма» ауруына шалдыққан. Айықпас дерт әлемде тек 800-дей ғана адамның бойын билеген. Бауыр еті баласы үшін барын беруге даяр ата-анаcы ем іздеп, түрлі қарекетке барады. 

Екі жыл бұрын үлкен ұлымыздың «Хираяма» ауруына шалдыққаны отбасымызға қайғы бұлттарын үйді. Түнде ұйқыдан, күндізкүлкіденайырылдық. Баламыздың бойына жабысқан дерт тоқтаусыз өрши берді. 
Сырын ішіне бүккен бұл бәлекет аурудың емін іздеп, түрлі медициналық-зерттеу институттары мен орталықтарға жүгіндік. Алайда, айтарлықтай күткен нәтиже бола қоймағасын, Израиль мен Германия еліндегі дәрігерлерге апару ойға келді. Дегенмен,«Ұлттық нейрохирургия орталығында да білікті мамандар бар» деген кеңеске құлақ асып, баламызды Астана қаласына апардық,-деді Жаңагүл Сейділдаева.

Анасының айтуынша,медицинада бұл дерттен толық айығып шығудың төте жолы табылмаған. Тек мойын омыртқаларына ота жасау әдісі ғанакөңілге медет сыйлайды. 

 Бізге ота өте күрделі өтетінін айтты. Мойын омыртқаларының бір бөлігін кесу барысында омыртқа ішіндегі жұлынды зақымдап алмауымыз қажет деді. Егер абайсыздан жұлын зақымданған жағдайда, тұла бойы тұңғышымыздың арбаға танылып, қимыл-қозғалысы тежеліп қалуы бек мүмкін. Бар үмітімізді тағдырдың жазуына артып, Алланың сынақ-сыйына көнуден басқа амалымыз қалмады. Тәуекел етіп, ота жасатуға келісім беруге бел будық,-деді анасы Жаңагүл. 

Отандық дәрігелер біліктілігін тағы бір рет дәлелдеп, бойларына үміт пен күдік ұялаған отбасыға ерекше қуаныш сыйлады. Тәжірибелі дәрігер-нерохирург Алейников Виктор Григорьевич бастаған дәрігерлер тобы балаға 4 сағаттан астам уақыт ота жасап, оны іліксіз өткізді.
Аналық сезімін жасыра алмаған Жаңагүл редакцияға хабарласып, дәрігерлерге алғысын жеткізуді өтінді. 

Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Дегенмен, бұл аурудан толық айықты деген сөз емес. Бастапқыда қолы жансызданып, қимыл-әрекетті сезінбей қалған баланың көз жанары оянып, ата-анасын қуанышқа бөледі.

 

 

 

Тағы да оқыңыз: